+7 (701) 759 90 19
USD 417.02 EUR 505.51
RUB 5.59 CNY 64.52
Jańalyqtar

Қазақстанның дәрілік препараттары қандай елдерге экспортталады

2021 жылғы 23 ақпан 22:14
Бөлісіңіз:
Қазақстанның дәрілік препараттары қандай елдерге экспортталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы пандемия кезінде елдің ішкі нарығын фармацевтикалық өнімдермен қамтамасыз ету мәселесі өткір болды. Осыны ескере отырып отандық өндірушілер 2020 жылдың қорытындысы бойынша саладағы өндіріс көлемін 47%-ға өсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда Алғыс айту күні қарсаңында 33 медицина қызметкері марапатталды Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар СҚО-да коронавирус бойынша жағдай тұрақталды

«Бұған отандық кәсіпорындарда шығарылатын өнім көлемінің ұлғаюы себеп болды. Бұдан басқа көрсеткіштердің өсуіне «СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды жеткізудің ұлғаюы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға халықтың жоғары сұранысына байланысты бөлшек саудада өткізудің ұлғаюы мұрындық болған», - делінген хабарламада.

Мәселен, «Химфарм» АҚ шығаратын өнім көлемі 2 есеге артқан. Сонымен қатар компания кейінгі 2 жылда экспорт көлемін 2,5 есе арттырды. Бүгінгі таңда кәсіпорынның дәрілік препараттары Орталық Азия және ЕАЭО нарықтарында кеңінен сұранысқа ие. Сондай-ақ, өнімдер Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Моңғолия және Ресей сияқты елдерге экспортталады. Биыл Өзбекстан нарығына шығу арқылы экспортты екі есеге арттыру жоспарлануда.

Сондай-ақ маңызды сын-тегеуріндердің бірі — Еуропалық Одақтың дәрі-дәрмек нарығына шығу. Осылайша, 2023 жылға қарай экспорт көлемін 16 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарланған. Бүгінгі таңда кәсіпорын қоржынында 11 өндірістік желіде өндірілетін 9 түрлі формадағы 120-дан астам дәрі-дәрмек атауы бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT