Қазақстанның даму банкіне жаңа басшы келді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрлан Байбазаров «Қазақстанның даму банкі» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрлан Байбазаров 1975 жылы туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Банк ісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Бюджет департаментінде бастаған.

2004 жылдан 2011 жылға дейін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да басқарма бастығынан бастап басқарушы директорға дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет істеді.

2013-2016 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінде экономика салаларын дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.

2016 жылдан бастап қазіргі күнге дейін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және Басқарма төрағасы болды.

Еске салсақ, «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасы Руслан Искаковтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған еді.


Соңғы жаңалықтар