«Қазақстанның даму банкіне» жаңа басшы келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстанның даму банкі» АҚ жаңа басшысы сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалғыз акционер болып табылатын «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ шешімімен Абай Серікұлы Сарқұлов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Абай Сарқұлов Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Банк ісі» мамандығы бойынша бітірген.

Банк саласындағы кәсіби қызметін 2003 жылы валюталық операциялар менеджері болып бастаған, 2006 жылдан бастап 2007 жылға дейін «Алматы Халықаралық Банкі» АҚ филиалында директор орынбасарының міндетін атқарушы қызметінде болды.

2007 жылы «ҚДБ» АҚ Жобаларға кредит беру басқармасының менеджері лауазымына тағайындалған. Кейінгі жылдары бас менеджер, басқарма бастығы, Жобалық дирекция басшысының орынбасары, одан кейін «ҚДБ» АҚ Жобалық дирекциясының басшысы қызметтерін атқарды.

2015 жылғы 15 маусымнан бастап - «ҚДБ» АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі.

2016 жылғы 15 сәуірден бастап - «ҚДБ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2017 жылғы ақпаннан бастап - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы.

Еске сала кетейік, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының шешімімен Болат Бидахметұлы Жәмішевтің «ҚДБ» АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын.

Соңғы жаңалықтар