«Қазақстанның даму банкі» АҚ төрағасының орынбасары ауысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары ауысты. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Белгілі болғандай, директорлар кеңесінің шешімі негізінде «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқармасының өкілеттілік мерзімі аяқталғанға дейін «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары - басқарма мүшесі лауазымына Мұрат Асығатұлы Әлкенов сайланды.

«Қазақстанның даму банкі» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасы орынбасарларының (басқарма мүшелерінің) 2014 жылғы 3 ақпандағы өтініші бойынша ­- Қилыбаев Дәулетхан Әзімханұлының, 2014 жылғы 7 наурыздағы өтініші бойынша Мадиев Жаслан Хасенұлының өкілеттігі тараптардың келісімімен мерзімінен бұрын тоқтатылды» делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі мәлімдегендей, Әлкенов Мұрат Кентукки шт. университетінде «Бухгалтерлік есеп» және «Қаржы» мамандықтары бойынша жоғары білім алған. Сондай-ақ іскерлік әкімшілік саласы бойынша магистр болып табылады. 2012 жылғы ақпаннан бастап ҚДБ-ның басқарушы директоры қызметін атқарды. Әр жылдары «БТА Банк» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Халық Банк» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ және «Қазақстан Алюминий» АҚ-та қызмет атқарды.

Соңғы жаңалықтар