«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма-мүшесі - Басқарушы директоры сайланды

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің  7‑сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/‑ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма мүшесі - Басқарушы директоры болып Ерлан Шәкібаев сайланды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ерлан Дәулетұлы Шәкібаев Қазақ мемлекеттік басқару академиясының түлегі. Еңбек тәжірибесі 1997 жылдан басталады. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-на қызметке келер алдында «БТА Банкі» АҚ, «Каспий» Банкі» АҚ, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінде, ҚР Президенті Іс басқармасында,  ҚР Инвестиция жөніндегі мемлекеттік комитетінде әр түрлі басқарушы қызметтер атқарды. 

Банк бюджетін жоспарлау және бақылау, қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастар орнату, әкімшілік-шаруашылық қызметті ұйымдастыру мен бақылауды іске асыру мәселелерін қарастырады.

Соңғы жаңалықтар