Қазақстанның БҰҰ Даму Бағдарламасымен ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтеріле алады - К. Удовички

None
None
ТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов БҰҰ Даму Бағдарламасы Еуропа және ТМД елдері бойынша Өңірлік бюросының директоры Кори Удовичкимен кездесті.

Кездесуде БҰҰ өкілі Қазақстан мен БҰҰ Даму Бағдарламасының ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтеріле алатынын мәлімдеді.

Жүздесу барысында тараптар Қазақстан мен БҰҰ Даму Бағдарламасының жемісті ынтымақтастығы туралы әңгіме өрбітіп, өзара байланысты одан сайын кеңейте түсуге ниеттілігін танытқан болатын. Сонымен қатар, СІМ Е. Қазыханов Қазақстан Үкіметінің басымдықтары мен БҰҰ-ның елімізде жүзеге асырып жатқан бірлескен бағдарламаларының сәйкестігін атап өтті. Тоқтала кететін жайт, Қазақстан БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлесіп 1993 жылдан бері 123 жобаны жүзеге асырса, қосымша 30 жоба қазір іске асуда. Бұдан бөлек, әңгіме барысында Қазақстанның Алматы қаласын көпжақты дипломатиялық хабтың қосалқы өңірлік орталығына айналуы жөніндегі жоспарлардың орындалуы Ұйым мен мемлекет арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретіні аталып өтілді.

Сондай-ақ, Е. Қазыханов Алматы қаласына БҰҰ бейресми мәртебесі берілсе, өңірлік және өңіраралық жобалардың жүзеге асуына зор жәрдем бола алатынын айтып, осы мәселенің тиімді шешілуіне өзінің үмітті екенін білдірді. Министрдің пікірінше, бұндай шара өңірлік ынтымақтастықты одан сайын арттырып, Орталық Азия халықтарының гүлденуіне де септігін тигізер еді.

«Жалпы кездесудегі әңгіме негізінен Қазақстанның халықаралық аренадағы артып келе жатқан рөлі турасында болды. Сонымен қатар, климаттың өзгеруіне әсер ететін парникті газдар шығарындысын төмендету туралы Қазақстанның өзіне алған міндеттемелері туралы да сөз қозғалды», - деді К.Удовички. Оның айтуынша, жүздесу барысында келесі жылдың маусымында Рио-де-Жанейро қаласында өтетін конференцияға Қазақстанның қатысу мәселесі де талқыланған.

Соңғы жаңалықтар