+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қазақстанның бұрынғы 581 тұрғыны қос азаматтығы үшін жазаланды

2016 жылғы 13 қараша 12:29
Бөлісіңіз:

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бастап ішкі істер органдары қос азаматтықты алғаны үшін Қазақтан Республикасының бұрынғы 581 азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның азаматтығына қабылдау туралы өтініш беру кезінде қасақана жалған мәліметтер ұсынған 2 шетелдік азаматқа айыппұл салу түріндегі жаза қолданылды.

Бұдан бөлек, ҚР азаматтығының төлқұжатын немесе жеке куәлігін пайдаланғаны үшін Қазақстан азаматтығын жоғалтқан 281 адамға айыппұл салынды. Шетел азаматтығын алу туралы хабарламағаны үшін жауапкершілікке 294 адам тартылды, оның ішінде 166-сына айыппұл, 128-іне ел аумағынан шеттету жазасы қолданылды.

Атап айтқанда, ҚР Конституциясының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары басқа мемлекеттің азаматы бола алмайды. Осыған байланысты егер басқа мемлекеттің азаматтығын алса, «ҚР-дың азаматтық туралы» Заңына сәйкес қазақстандық азаматтық жойылады.

Қазақстандық азаматтықта тұрған және шет мемлекеттің азаматтығын алған адамдар басқа азаматтықты қабылдаған күннен бастап отыз күннің ішінде Қазақстанның ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне шетелдік азаматтықты қабылдаған фактісі туралы хабарлауға және Қазақстан Республикасының төлқұжаты мен жеке куәлігін тапсыруға міндетті.

Шетелдің азаматтығын қабылдағаны туралы белгіленген мерзім ішінде хабарламағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT