Қазақстанның бітімгерлік әскері Ливандағы миссияға дайындалуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы Уақытша күштеріндегі үнді батальонының құрамында қазақстандық бітімгершілік контингентті бірлесіп күшейту тәртібі туралы Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы үкіметтерінің арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Аталмыш меморандумға Қазақстан тарапынан ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров, Үндістаннан Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Прабхат Кумар қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты - «Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы уақытша күштері» миссиясындағы ҚР Қарулы күштерінің бітімгерлік бөлімшелері үшін құқықтық негізді қалыптастыру, сондай-ақ, аталған мииссияға қатысатын әскери қызметкерлердің құқықтық мәртебесін анықтау.
null 

Соңғы жаңалықтар