Қазақстанның бірнеше өңірінде жол ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола, Қарағанды және Павлодар облысындағы бірнеше тасжолда шектеу алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

Ақмола облысында мына бағыттар бойынша жол ашылды:

1. «Екатеринбург - Алматы» автожолының 1291-1353 шақырымы, Жалтыркөл а.- Қарағанды обл. шекарасы уч. («ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақылы жолдар дирекциясының учаскесі).

Қарағанды облысында 10 қаңтар 06:00-ден бастап мына бағыттар бойынша көлік қозғалысы ашылды:

2. «Екатеринбург - Алматы» автожолының 1353-1425 шақырымы, Ақмола обл. шекарасы-Теміртау қ. уч. («ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақылы жолдар дирекциясының учаскесі).

Павлодар облысында:

1.«Қызылорда- Павлодар» автожолының 1135-1206 шақырымы Қарағанды обл. шекарасы –Шідерті к. уч.

2. «Ленинский-Иртышск-Русская Поляна» 0-272 шақырымы, Ленинский а.- РФ шекарасы учаскесінде;

Қарағанды облысында:

1.«Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр – Киевка-Теміртау» автожолының 51-266 шақырымы, Ақмола обл. шекарасы-Теміртау қ. уч.;

2.«Қызылорда-Павлодар» автожолының 992-1135 шақырымы, КМГ жанар-жағармай бекеті-Павлодар облысы шекарасы учаскесінде жол ашылды.

Ақмола облысында сағат 07:30-дан бастап:

1.«Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр – Киевка-Теміртау» автожолының 30-51 шақырымы Қызылжар а.-Қарағанды облысы шекарасы учаскесінде көлік қозғалыс ашылды.

Еске сала кетейік, қолайсыз ауа райына байланысты Павлодар мен Ақмола облыстарындағы автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілген болатын.

Соңғы жаңалықтар