Қазақстанның бірнеше өңірінде өзен суының деңгейі көтеріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың екі облысына ескерту берілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, 10-13 наурызда күндіз және түнде ауа райының жылынуына байланысты және жауын-шашынның түсуіне байланысты Батыс Қазақстан облысында қарлар мен мұз жамылғысы еріп, өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

10-13 наурызда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының көтерілуіне байланысты қарлар мен мұз жамылғысы еріп, өзендерде су деңгейі көтерілуі ықтимал.

Соңғы жаңалықтар