+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2021 жылғы 15 қыркүйек 17:53
Бөлісіңіз:
Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 16 қыркүйек күні еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жаңбыр,найзағай, жел – сенбіге арналған ауа райы болжамы Жел, жаңбыр, бұршақ – жұмаға арналған ауа райы болжамы

16 қыркүйекте күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында найзағай, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

16 қыркүйекте түнде Ақмола облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

16 қыркүйекте Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында, шығысында жет тұрады, жылдамдығы 15-20 м/с аралығында.

Нұр-Сұлтан қаласында таңертең және күндіз 16 қыркүйекте найзағай жарқылдауы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

16 қыркүйекте Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында найзағай ойдайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

16 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай жарқылдап, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

16 қыркүйекте Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде о солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік жүреді. Облыстың батысында өрт қаупі сақталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT