+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылғы 30 қараша 20:15
Бөлісіңіз:
Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да боран: «Алматы-Өскемен» тасжолында көлік қозғалысы шектелді Қазгидромет 16 қаңтарда ауа райы қандай болатынын жариялады Ауа райы: Қазақстанның 6 облысында ескерту жарияланды

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 1 желтоқсан күні күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 70-75%.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістанда күндіз шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғуы ықтимал. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылордада солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 95-100%.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

Жамбыл облысының кей жерлерінде 1-2 желтоқсан күндері тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Таразда 1-2 желтоқсанда кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 1-2 желтоқсан күндері тұман түседі. Петропавлда да тұман болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

Ақмола облысының кей жерлерінде 1 желтоқсан күні тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT