Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.01 EUR 423.24
RUB 5.90 CNY 54.92
Jańalyqtar

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2019 жылғы 16 мамыр 18:53 324
Бөлісіңіз:
Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда найзағай жарқылдап, бұршақ жауады Талдықорғанда қатты желден үйлердің шатыры ұшып, көліктер зақымданды

Ақтөбе облысында 17 мамыр, күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақтөбе қаласында осы күні күндіз найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

17 мамырда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с болады деп күтіледі.

17 мамырда Ақмола облысының кей жерлерінде түнде 3 градус үсік сақталады. Күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Осы күні Көкшетау қаласында күндіз оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Нұр-Сұлтан қаласында 17 мамыр, түнде топырақ бетінде 3 градус үсік сақталады.

17 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с сақталады.

Қызылорда қаласында 17 мамырда найзағай жарқылдап, шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT