+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2019 жылғы 18 сәуір 16:24
Бөлісіңіз:
Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

19 сәуір түнде Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, жел екпіні кей жерлерде 15-20 м/с, таңертең және күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерлерде жел екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Осы күні Нұр-Сұлтан қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, жел қарқыны секундына 9-14, таңертең және күндіз 15-20 метрге дейін күшейеді.

19 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с болатын қатты жел тұрады.

Қостанай қаласында 19 сәуірде солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

19 сәуірде Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жел күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с болады. Түнде кей жерлерде көктайғақ, найзағай сақталады.

19 сәуір күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20, 23-28 м/с дейін күшейеді.

Осы күні Шымкент қаласында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Түркістан қаласында да найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан және солтүстік-батыстан қатты жел соғады, жел қарқыны 15-20, 25 м/с жетеді.

19 сәуірде Ақтөбе облысының оңтүстігінде тәулік бойы жауын-шашын болады (көбінесе қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, кей жерлерде жел екпіні 15-20, түнде 23 м/с дейін күшейеді.

Ақтөбе қаласында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15 м/с дейін жетеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT