Қазақстанның бірнеше қаласында Корей фильмдерінің фестивалі өтеді
2022 жылғы 6 мамыр 22:41

Қазақстанның бірнеше қаласында Корей фильмдерінің фестивалі өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда Корей фильмдерінің фестивалі етеді. Бұл шара елімізде 11 мәрте өткізіліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордадағы Корей мәдени орталығының хабарлауынша, фестиваль аясында корей фильмдері Талдықорған (14 мамыр), Ақтау (21 мамыр) және Қостанай (28 мамыр) қалаларында көрсетіледі.

Соңғы бірнеше жылда аталған фестиваль коронавирус жағдайының ушығуына байланысты онлайын форматта өткізілген. Алайда биыл елдегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына байланысты фильмдер офлайн көрсетілмек.

«Біраз жылдан бері COVID-19 таралуына байланысты біздің мәдени орталық шараларын өткізуде қиыншылықтар туындаған болатын. Қазір жағдай жақсы жаққа өзгерді. Биыл Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы мәдени және дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толып отыр. Осыған байланысты бізде көптеген шара өткізіледі», - деді елордадағы Корей мәдени орталығының директоры Ли Херан.

Осы жолғы фестивальде қазақстандық көрермендерге «Кішкентай орман» және «Тоннель» атты екі корей картинасы ұсынылмақ. Екі фильмде де Кореяның тыныс тіршілігі, онда тұратын адамдардың өмірі туралы қызықты сәттер қамтылған.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT