Қазақстанның бірқатар журналистері Францияда қаза болған әріптестерін аза тұтты (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан журналистері Францияда елінің қайғысына ортақтасып, Алматыдағы Франция Консулдығы ғимаратының алдына гүл шоқтарын қойды.

Осылайша, 30-дан аса телеарналар, мерзімді басылымдар мен интернет басылымдарының журналистері Францияда қаза болған әріптестерін аза тұтты.

Өз кезегінде Алматыдағы Франция Консулдығының өкілдері журналистердің қайғыларына ортақтасқанына алғыс айтып, болған жайтқа ешқандай түсініктеме айтып, пікір қос алмайтындығын жеткізді.

«Сөз бостандығы салтанат құратын Франциялық әріптестеріміздің басында осындай қайғылы жағдай орын алғаны өте өкінішті. Әлбетте, біздің елде де үлкен талқылаулар туғызатын даулы тақырыптар аз емес. Біздің қоғам да өткір қабылдай бастады. Құрманғазы-Пушкин оқиғасын еске түсірсеңіздер болғаны», - деді Қазақстан журналистер тобының әкімшісі Маржан Елшібаева. Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға Парижде 7 қаңтарда болған еді. Алдын ала таратылған мәлімет бойынша, бетперде киген белгісіз біреулер Charlie Hebdo кеңсесіне келіп автоматтан оқ жаудырған. Салдарынан 12 адам қаза тапты. Қайғылы оқиғаға байланысты Франция Үкіметі үш күндік аза тұту күнін жариялады. Бұған дейін Charlie Hebdo басылымы бірнеше рет Мұхаммед пайғамбарға қатысты карикатура жариялаған болатын. Бұл мұсылман қауымының ашуын тудырған еді.

Соңғы жаңалықтар