Қазақстанның бірқатар өңірінде тас жол жабық

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің бірнеше өңірінде тас жолдар жабық, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазАвтолға сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан-Павлодар», «Нұр-Сұлтан-Қостанай» бағытындағы тас жолдар көліктің барлық түрі үшін жабық.

Ақмола облысында 2 бағыттағы автожолдар – «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» (Нұр-Сұлтаннан Павлодар облысыныңшекарасына дейін, 16-205 км), «Екатеринбург-Алматы» (Атбасар қаласынан Нұр-Сұлтанға дейін, 1007-1247 км) жабық.

Алматы облысында «Үшарал-Достық» (Көктұма ауылынан –Қасенов ауылына дейін) автожол бөлігінде барлық көлік түрлері үшін жол жабылды.Шығыс Қазақстан облысында жүк және жолаушылар көліктері үшін «Алматы-Өскемен»(Қалбатау ауылынан – Қасенов ауылына дейін) автожол учаскесінде қозғалыс шектелді.

Шығыс Қазақстан облысында жүк және жолаушылар көліктеріүшін «Алматы-Өскемен» (Қалбатау ауылынан – Қасенов ауылына дейін) автожол учаскесінде қозғалыс шектелді. Барлық көлік түрлері үшін «Таскескен-Бақты ҚХР шекарас»

(Тескескен ауылына аналмадан Бахты ауылына дейін) , «Өскемен-Шемонаиха-Ресей шекарасы» (Предгорное ауылынан – Ресей шекарасына дейін), «Өскемен-Алтай-Қатон-Қарағай-Рахман қайнары» (Ушанов ауылынан –Серебрянқаласына дейін) автожол учаскелерінде жол жабылды.

Сонымен қатар, «Алматы-Өскемен», «Омск-Майқапшағай» (Семей қаласынан Қалбатау ауылына дейін, 756-906 км) автожолучаскелерінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Павлодар облысында«Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» (Шідерті ауылынан – Ақмола облысының шекарасынадейін) және «Қызылорда-Павлодар» (Ленин ауылынан – Қарағанды облысының шекарасынадейін) автожол учаскелерінде жол жабылды.

Солтүстік Қазақстаноблысында»Алматы-Екатеринбург» бағыт бойынша қозғалыс шектелді.

«Жолдың нашар көрінуіне байланысты алысқа жолға шығудан бас тартқан жөн.

Егер адамдар жолда қандай да бір жағдайға тап болса, құтқару қызметінің «112» бірыңғай нөміріне хабарласа алады», - делінген хабарламада.





Соңғы жаңалықтар