Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.90 EUR 422.74
RUB 5.87 CNY 54.80
Jańalyqtar

Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

2019 жылғы 15 сәуір 19:50 411
Бөлісіңіз:
Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидрометтің деректеріне сүйенсек, 16 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін. Жел батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні кей жерлерде 23 м/с-қа жетуі мүмкін.

Петропавлда 16 сәуір күні күндіз көктайғақ болады. Жел батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Түркістан облысында түнде кей жерлерде, күндіз таулы аудандарда нөсер жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы ықтимал, жел солтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Түркістанда түнде және 16 сәуір күні таңертең найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 секунд жылдамдықпен соғады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр жауады, кей жерлерде күшейіп, қарға ұласуы мүмкін. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-қа, екпіні түнде 25 м/с-қа жетеді. 16 сәуір күні күндіз ауа температурасы төмендеп, 7-12 градус айналасында болады, 17 сәуір күні 0-5 градус, кей жерлерде 8 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.

Өскеменде 16 сәуір күні солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде 15-20 м-сқа жетуі ықтимал. Семейде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түсіп, жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT