Қазақстанның бірқатар өңірінде әуе рейстері жанданады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынастарын қайта жандандыру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында айтылды.

Рейстер санитарлық талаптардың нормаларын күшейтумен, аз жолаушылармен және салонда ерекше қашықтықты сақтап отырғызу арқылы жүзеге асырылады.

Еске салсақ, 4 мамырдан бастап шаштараздар мен барлық дүкендер жұмысын бастайды.



Соңғы жаңалықтар