
Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
1 желтоқсан күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады.
О ңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстік-батысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
1 желтоқсан күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында оңтүстік-шығыстан күшті жел соғады, қарқыны - 15-20 м/с шамасында.
1 желтоқсанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен жел соғады. Облыстың солтүстік-батысында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
1 желтоқсан түнде Ақтөбе облысының батысында көктайғақ пен жаяу бұрқасын болады.
Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.