+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2021 жылғы 10 мамыр 02:00
Бөлісіңіз:
Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
14 маусым күнгі ауа райы болжамы 38 градусқа дейін ыстық: 12 өңірде ескерту жарияланды 13 маусым күнгі ауа райы болжамы

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, Нұр-Сұлтанда 10 мамыр күні нөсер жауын жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде нөсер жауын жауып, кей жерлерде тұман түсіп, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, түнде кей жерлерде күші секундына 15-20 метрге, күндіз 15-20, кей жерлерде 23 метрге дейін жетуі мүмкін.

Көкшетауда түнде және таңертең найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетуі ықтимал.

Алматы облысының таулы аймақтарында түнде нөсер жауын жауады. Кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді.

Алматыда және Талдықорғанда 10 мамыр күні найзағай ойнайды.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтауда күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысында кей жерлерінде найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғып, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырауда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте 10 мамырда түнде найзағай ойнайды.

Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түседі. Түнде және таңертең кей жерлерде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күші кей жерлерде секндына 15-20 метрге жетеді.

Қостанайда 10 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде нөсер жауын жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауады, түнде кей жерлерде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғып, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болады.

Жезқазғанда 10 мамырда жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғып, екпіні 18 м/с-қа жетеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғып, күші секундына 15-20 метр, кей жерлерде екпіні 23-28 метге дейін жетеді.

Павлодарда шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

10 мамырда күндіз Қызылорда облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жауады, жел оңтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы күндіз кей жерлерде 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнайд. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады.

Петропавлда 10 мамыр күні солтүстік-шығыстан жел соғып, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT