USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2021 жылғы 4 қаңтар 21:16
Бөлісіңіз:
Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы Түркістан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚаАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
7 желтоқсан. Қазгидрометтің күн райына жасаған болжамы ШҚО-да 8 желтоқсанға дейін қар көшкіні жүру қаупі бар Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

5-6 қаңтар аралығында Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Шымкентте 5-6 қаңтар аралығында кей жерлерге тұман түседі.

Түркістанда 5-6 қаңтарда кей уақытта тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95 %.

5 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысында үскірік аяз болады, кей жерлерде ол – 42 градусқа дейін жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 95-100%.

5 қаңтар күні Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Шығыстан жел соғып, күндіз желдің екпіні секундына 15 метрге жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.

5 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Петропавлда 5 қаңтар күні күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

5 қаңтарда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, солтүстік шығыстан жылдамдығы 15-20м/с жел соғады.

Таразда 3-5 қаңтарда кей уақытта тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT