+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2019 жылғы 19 қараша 14:56
Бөлісіңіз:
Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 19-21 қараша аралығында Қазақстанның бірқатар облысында күн суытып, аяз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Еліміздің төрт өңірінде ескерту жарияланды Демалыс күндері жауын-шашын жауып, тұман мен көктайғақ болады СҚО тұрғындарына ауа райының қолайсыздығына байланысты сақ болу ескертілді

19-21 қараша аралығында Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райы 20-25 градустан 25-30 градусқа дейін, Ақмола мен Павлодар облысында 15-20 градустан 25-30 градусқа дейін төмендеп, аяз болады. 20-21 қарашада Қарағанды облысында 22-27, кей жерлерде 25-33, Шығыс Қазақстан облысында 18-23, кей жерлерде 33 градус аяз болуы ықтимал.

Дауылдың ықтималдығы 95%.

19 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында қар жауып, боран соғуда. Солтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы 15-18 м/с-ке жетеді.

ІІМ ТЖК күштері мен құралдары апаттық-құтқару жұмыстарына әзір тұр. Ведомство азаматтардың ауа райын, метеорологиялық жағдайларды қарап, SMS хабарламаларға құлақ түруіне кеңес береді. Ауа райы бұзылып, жол қозғалысы шектелген уақытта алыс жолға шықпаған жөн.

Егер сіз боран немесе қатты аяз кезінде жолға шығып, елді мекеннен алыс жерде машинаңыз сөніп қалса, көлікте отырып «112» нөмірінен көмек сұраңыз.

Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы қолайсыз кезде алыс жерге жаяу бармауға кеңес береді.

«112» – еліміздің барлық өңірлерінде ұстайтын бірыңғай құтқару қызметінің нөмірі. Оған хабарласу үшін CIM карта мен нөмірдегі бірлік қажет емес.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT