Қазақстанның бірқатар облыстарында аязға байланысты дауылды ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 26 қаңтар күні Қазақстанның бірқатар облыстарында ауа температурасының 29-34 градусқа дейін төмендеуі күтілуде.

Осыған байланысты «Қазгидромет» РМК дауылды ескерту жариялады, деп хабарланды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында.

«26 қаңтарда Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында ауа температурасының 20-25, кейбір жерлерде 29-34 градусқа дейін төмендеуі күтіліп отыр. 26 қаңтар күні Қызылорда облысында түнде 17-22, кей жерлерде 25-30 градусқа дейін аяз болады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар