Қазақстанның бірқатар облыстарында аптап ыстық болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 20 шілде күні атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік, шығыс және батыс аймақтарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қалған аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, солтүстігінде және шығысында бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Атырау, Павлодар, күндіз Ақмола, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз Алматы, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық түседі; Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Қостанай облыстарында, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар