Қазақстанның бірқатар мемлекеттердегі елшілері тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бес елдің елшісі тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет Басшысының Жарлықтарымен: Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы қызметін қоса атқарушы қызметіне;

Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Панама Республикасындағы, Коста-Рика Республикасындағы, Доминикан Республикасындағы, Ямайкадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар