Қазақстанның бірқатар азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның бірқатар азаматын мемлекеттік наргадамен марапаттау туралы Жарлығы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

2022 жылғы 21 қараша

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы табиғи өрт кезінде зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді салуға белсенді қатысқаны үшін наградталсын:

«Құрмет» орденімен

Ибраимов Дәулет Дулатұлы – «Строй Элит Дом» ЖШС байқаушы кеңесінің төрағасы;

Қарамакин Бауыржан Сәбитұлы – «СК КВS» ЖШС директоры;

Орымбаев Нұрлан Бахытжанұлы – «Рудныйсоколовстрой» АҚ бас директоры;

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

Владимирова Оксана Рашитовна – «Рудныйсоколовстрой» АҚ «Отделстрой» ҚБ аға прорабы;

Жақсалықов Олжабай Баймендіұлы – «БК-Строй» ЖШС тас қалаушысы;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Арыққұлов Ерболат Болатұлы – «Строй Элит Дом» ЖШС бригадирі;

Әбдіков Дархан Жәнібекұлы – «Алюминстрой» ЖШС директорының орынбасары;

Бекжанов Тайыр Ренатұлы – «Алия-Сервис» ЖШС филиалының директоры;

Бораш Әбдірахман Әбдіхалықұлы – «Парасат Строй Проект» ЖШС директоры;

Ким Сергей Романович – «БК-Стройпром» ЖШС директоры.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2022 жылғы 19 қараша

№ 1076


Соңғы жаңалықтар