Қазақстанның бірқатар аймақтарында жолдар жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстарының тас жолдары жабылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің ТЖ комитетінен.

«4 желтоқсанда Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына (бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) байланысты «Үшарал-Достық» көлік жолының (83-184 шақырымдар) учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды, ал сағат 19.30-дан бастап «Алматы-Өскемен» күре жолының (426-558 шақырымдар) учаскесінде жүк көліктері үшін қозғалыс шектелді», - делінген хабарламада.

Қарағанды облысында дәл осы себеппен көліктің барлық түрлері үшін барлық бағыттарға жол жабық. Павлодар облысында «Павлодар-Қызылорда» тас жолының (1135-1205 шақырымдар) «Қалқаман-Баянауыл» бағыты бойынша учаскесінде, «Шідерті-Астана» күре жолының учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. Бұған дейін «Астана-Ерейментау», «Астана-Қарағанды» бағыттарындағы жол қозғалысының жабылғаны туралы хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар