+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстанның бірқатар аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылғы 13 ақпан 18:22
Бөлісіңіз:
Қазақстанның бірқатар аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның төрт өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Тұрмыстық зорлық-зомбылық: 500-ден астам адам дағдарыс орталығына бағытталды Маңғыстау облысында 7 айлық нормадан көп жауын-шашын түсті Комаровский коронавирустан қорғайтын ғажайып әдіс туралы айтты

14 ақпан күні Маңғыстау облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райына байланысты болжамның дәлдігі 90-95%.

Қостанай облысының кей жерлерінде 14 ақпанда жаяу бұрқасын болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде секундына 18 метрге жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Орал қаласында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қызылорда облысының бірқатар аумақтарында көктайғақ болып, боран соғады. Оңтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысында тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 15-20 жылдамдықпен жел соғады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT