Қазақстанның бірқатар әуежайларында жөндеу жұмыстары жүргізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы бес жылда Қазақстанда 13 әуе айлағы салынады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл біз Түркістан қаласындағы жаңа жолаушылар терминалын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Үржар қаласының әуежайын қайта жаңартуды бастаймыз. Сондай-ақ, Шымкент қаласында әуежайдың жаңа терминалы құрылысы мен Орал қаласы әуежайының аэровокзал кешенін қайта жаңарту жалғасады», деп атап өтті министр Үкіметтің онлайн отырысында.

Оның айтуынша, қаржы бөлінген жағдайда Өскемен және Үшарал әуежайларының ұшу-қону жолақтарын қайта жаңарту жұмыстары басталады.

«Алдағы бес жылда 13 әуе айлағын салу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жергілікті әуе желілеріндегі үш айлақ - Үшарал, Үржар, Зайсанда жұмыс істеп тұр», - деді Б. Атамқұлов.

Бұған дейін министр 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасының қалай жүзеге асатынын баяндаған еді.


Соңғы жаңалықтар