+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Қазақстанның бірінші ракеткасы WTA рейтингіндегі жеке рекордын жаңартты

2021 жылғы 20 қыркүйек 10:20
Бөлісіңіз:
Қазақстанның бірінші ракеткасы WTA рейтингіндегі жеке рекордын жаңартты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жалғыз және жұптық разрядтардағы Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінің жаңарған нұсқасы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
UEFA Чемпиондар лигасы: «Манчестер Юнайтед» бірінші орынға көтерілді 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алауы Бейжіңге жетті UEFA Чемпиондар лигасы: «Ливерпуль» үшінші ойын қатарынан жеңіске жетті

Үздіктер үштігі бұрынғы құрамда қалды: аустралиялық Эшли Барти көш бастап тұр, одан кейінгі орынға беларустық Арина Соболенко жайғасқан, ал үшінші орында – чех спортшысы Каролина Плинкова.

Қазақстанның бірінші ракеткасы 17-ші орыннан 16-шы орынға көтеріліп, жеке рекордын жаңартты. Юлия Путинцева бес саты жоғарылап, 49-шы орынға шықты, ал Зарина Дияс жеті саты төмендеп, 112-ші орынға ығысты.

Жұптық разрядтың көшбасшысы – бельгиялық Элизе Мертенс, одан кейінгі орындарда – Чехия өкілдері Барбора Крейчикова мен Катерина Синякова.

Анна Данилина 88-ші орыннан 86-шы орынға көтерілді, ал Рыбакина бір саты төмендеп, 96-шы орынға түсті, ал Дияс – 181-ші орында.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT