+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустриядағы Линц турниріне қатысады

2020 жылғы 23 қазан 19:33
Бөлісіңіз:
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустриядағы Линц турниріне қатысады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Елена Рыбакина Аустриядағы Линц WTA турниріне қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Головкиннің DAZN-мен шартты қандай жағдайда ұзарта алатыны белгілі болды Бокстан Қазақстан чемпионаты: Жартылай финалға шыққан қыздардың есімі белгілі болды Теннис: Дмитрий Попко Бразилиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Жарыстың Твиттердегі парақшасында оған қатысушылардың тізімі жарияланды.

Олардың ішінде Е.Рыбакинамен қатар Беларусь өкілі Арина Соболенко, чехиялық Маркета Вондроушова, бельгиялық Элисе Мертенс, эстониялық Анетт Контавейт, америкалық Дженнифер Брэйди, украиналық Даяна Ястремская, ресейлік Екатерина Александрова және басқа теннисшілер бар.

Биыл аталмыш дода 11-18 қазан аралығында өтуі тиіс еді. Әйтсе де коронавирус індетіне байланысты 7-15 қарашаға қалдырылды.

Өткен жылы финалда латвиялық Елена Остапенконы 6:3, 1:6, 6:2 есебімен жеңген америкалық Кори Гауфф чемпион атанған болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Чехиядағы турнирде ұтылып қалғанын, Дмитрий Попконың Ыстанбұл додасының ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Бүгін Д.Попко Беларусь теннисшісі Илья Ивашкодан 4:6, 0:6 есебімен ұтылып, жартылай финалға шыға алмай қалды.

Сол секілді қазақстандықтар Гөзал Айнитдинова мен Жібек Құламбаева жұптық сында Мысырдың Шарм әл-Шейх қаласында ITF турнирінде біршама сәтті өнер көрсетті. Тіпті жарыстың 1-ракеткалары, ресейліктер Анастасия Гасанова мен Анна Моргинаны 6:0, 6:0 есебімен ойсырата ұтып, жартылай финалға шықты. Алайда бүгін ресейліктер Вероника Пепеляева мен Анастасия Тихоновамен тартысты матчта 6:3, 3:6, 8:10 есебімен жол беріп, финалдық бәсекеден тыс қалды.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT