Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдегі үздік 50 теннисшінің қатарынан шығып қалды

None
Фото: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) «Ролан Гаррос» жарысының негізгі кезеңі басталар алдында спортшылардың жекелей және жұптық сындағы рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Үздік үштік өзгерген жоқ: испаниялық Карлос Алькарас көш бастап тұр, одан кейінгі орында ресейлік Даниил Медведев тұрса, серб Новак Джокович үштікті түйіндеді.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик үш сатыға төмендеп, 51-ші болып қалды. Тимофей Скатов бұрынғыша 147-ші қатарда тұр.
Жұптық сында алдыңғы орындарды Нидерланд өкілі Уэсли Колхоф пен британиялық Нил Скупски бөліссе, үшінші орынды АҚШ өкілі Раджив Рам иеленді.
Александр Недовесов үш саты жоғарылап, 64-орынды алса, Андрей Голубев бір саты төмендеп, 82-ші болып қалды. Бублик 158-ші қатардан 160-қа түсті.


Соңғы жаңалықтар