«Қазақстанның бірегей Алтайы» фильмі Ресей фестивалінің жүлдесін иеленді

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - «Алтай өңірі - Күш-қуат мекені» туристік және спорттық фильмдер фестивалінде «Қазақстанның бірегей Алтайы»  картинасы әуесқой фильмдер аталымында жеңіске жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фестиваль 2013 жылдан бері Ресейдің Алтай өңіріндегі Бийск ауданының Стан-Бехтемир ауылында өткізіліп келеді. Қазылар алқасына ұсынылған жұмыстарды интернеттен көруге болады. Байқау мақсаты - табиғат сұлулығы мен экстремалды спорттың үйлесімдігі, әлем елдеріндегі саяхат туралы ақпарат беру.

Бас жүлдені «Алтай. Қар барысының мекені» фильмі алды. Картина күрделі жағдайларда жабайы табиғатты қорғаумен және зерттеумен айналысатын адамдар туралы әңгімелейді. Авторы - алтайлық режиссер және продюсер Иван Усанов.

Қазылар алқасының төрағасы, Ресейдің еңбегі сіңген саяхаттанушысы Евгений Лебедевтің айтуынша, биыл байқауға әртүрлі елдерден 80 жұмыс келіп түскен. Олардың арасынан 27 кәсіби және 37 әуесқой лента іріктеп алынды.

Ең қызықты кәсіби жұмыстардың бірі ретінде Чехия режиссері Павел Рузяктың «Солтүстік» картинасы атап өтілді. Онда Шпицберген аралында шалғайда орналасқан Баренцбург кентінің өмірі суреттеледі. Сондай-ақ Алтай археологтарының жұмысы туралы баяндайтын Елизаветы Манскованың «Тигирек: көне тарих нобайлары» еңбегі де бар.

Ал әуесқой картиналар арасында Хакасия өзенінің босаға тастарын еңсеру жайлы түсірілген барнаулдық Виталий Бежконың «Кіші Абақан», Бийск ауданының авторлары ұсынған 4 мың шақырымды қайықпен жүзіп өткендер туралы «Катермен Солтүстік Шұғыла өріске қарай»  ленталары ерекше қабылданды.

 

Соңғы жаңалықтар