Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.90 EUR 422.74
RUB 5.87 CNY 54.80
Jańalyqtar

Қазақстанның бес өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады

2019 жылғы 19 қаңтар 17:13 606
Бөлісіңіз:
Қазақстанның бес өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан және Ақмола облыстарында дауыл тұрып, тұман түседі, көктайғақ болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды Елорда мен Ақмола облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

20 қаңтарда күндіз Түркістан облысының тауларында жауын-шашын мол болады. Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болады, жел оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Шымкентте 20 қаңтар күні оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр айналасында болады. Түркістан қаласында да 20 қаңтар күні оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с айналасында болады. Дауыл соғу қаупі - 90-95%.

20 қаңтар күні Ақмола облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Астанада 20 қаңтар күні көктайғақ болып, тұман түседі. Дауыл соғу қаупі - 90-95%.

20 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
MURAǴAT