USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Қазақстанның бес өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2021 жылғы 4 желтоқсан 15:45
Бөлісіңіз:
Қазақстанның бес өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздегі бес облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Синоптиктер 11 өңірде ескерту жариялады Елорда мен 11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ауа райының қолайсыздығына байланысты алты өңірде жолдар жабылды

5 желтоқсанда Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі.

5 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, орталығында тұман, көктайғақ болады. Жезқазғанда тұман, көктайғақ.

5 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с.

Күндіз 5 желтоқсанда Ақмола облысының батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман түседі.

5 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT