Қазақстанның бес облысында су деңгейі көтеріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бес облысында су деңгейі көтеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«26-29 наурыз аралығында жауын-шашынға байланысты (көбінесе жаңбыр жауады) болжамға сәйкес Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Қарағанды облыстарында қардың күрт еруі, қарғын судың көбеюі, өзендердегі мұздың еруі және су деңгейінің көтерілуі күтіледі», делінген болжамда.

Соңғы жаңалықтар