Қазақстанның бес облысында ауа райында байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның бес облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

23 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ пайда болады, бұрқасын соғып, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел тұрады. Дауылдың болуы 90-95% ықтимал.

Сондай-ақ, 23 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қар жауады. Кей жерлерде - боран, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Ақмола облысының кей жерлерінде 23 желтоқсанда қар жауып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші шамамен 15-20 м/с болады.

Көкшетауда 23 желтоқсанда тұман мен боран күтіледі. Дауыл болу ықтималдығы 85-90% құрайды.

23-25 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Дауылдың болуы 90-95% ықтимал.

23 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қар жауады. Күндізгі жел батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с шамасында соғуы мүмкін. Дауылдың болуы 90-95% ықтимал.

Соңғы жаңалықтар