Қазақстанның бес облысында ауа райына қатысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 31 наурызда Қазақстанның бес облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

31 наурызда Ақтөбе облысының шығысында тұман түседі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Оралда 31 наурызда түнде және таңертең тұман түседі. Нұр-Сұлтанда көктайғақ болуы ықтимал. Түнде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

31 наурызда Қостанай облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады.

Батыста, облыс орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз солтүстікте, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Қостанайда оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында тұман, көктайғақ болады.

Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, түнде солтүстікте, облыстың шығысында кей жерлерде 23 м/с. Көкшетауда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, түнде екпіні 23 м/с болады. 31 наурыз – 2 сәуірде түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда 15-20 м/с, 31 наурызда кей жерлерде 23 м/с. Таразда 31 наурыз – 2 сәуірде түнде және таңертең тұман түседі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның үш облысында 14 жол учаскесі жабық.


Соңғы жаңалықтар