Қазақстанның бес аймағында дауылды ескерту жарияланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еертең, 24 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел батыстан соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Осы күні Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының басым бөлігінде де жоғары өрт қауптілігі сақталады.

Ал Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с-қа дейін соғады.

24 қыркүйекте Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні - 15 м/с.


Соңғы жаңалықтар