Қазақстанның Бельгиядағы жаңа құрметті консулы тағайындалды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінде Эно, Льеж, Люксембург және Намюр провинцияларындағы консулдық округ және Қазақстанның құрметті консулының экзекватурасы мен патентін табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Құрамына 35 мыңнан астам кәсіпорын кіретін «BECI» сауда-өнеркәсіп палатасының Директорлар кеңесінің мүшесі, төрағасы Оливье Вилокс Қазақстанның жаңа Құрметті консулы болды. Сонымен қатар, О.Велокс – Брюссельдің Бизнес федерациясы мен Валлон кәсіпорындар одағы Директорлар кеңесінің мүшесі.

Қазақстан Елшісі Марғұлан Баймұхан ҚР-ның жаңа Құрметті консулымен еліміздің экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту, қазақстандық экспортты ілгерілету, мәдени-гуманитарлық жобаларды іске асыру жөніндегі нақты жоспарларды талқылады.

Авторы Арнұр Рақымбеков

Соңғы жаңалықтар