Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның аумағында құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды; жел күшейіп, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін; оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Солтүстік  Қазақстан  облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді; дауыл, тұман болып, бұршақ жаууы мүмкін; түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман, күндіз дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде дауыл соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысында күндіз жел соғып, шаңды дауыл тұрады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Алматы облысының, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Павлодар облысында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар