Қазақстанның басым бөлігінде жайлы метеожағдай орнайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі, 19 маусым күні Қазақстанның көптеген қалаларындағы метеожағдай жайлы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда,  Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында метеорологиялық жағдай жайлы болады.

Алматы қаласының атмосферасында ластаушы заттар сейіле түседі.

Талдықорған қаласында және түнде Астанада метеорологиялық жағдай, керісінше, жайсыз, яғни ауада ластаушы заттар көбейеді.

ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар