Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады - бейсенбіге арналған ауа райы
2022 жылғы 11 тамыз 01:38

Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады - бейсенбіге арналған ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 11 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Соған байланысты жаңбыр жауады, еліміздің шығысында, орталығында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарда қатты жаңбыр болып, найзағай, екпінді жел күтіледі. Күндізгі сағаттарда бұршақ болуы ықтимал. Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының солтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Күндіз Атырау, Батыс Казақстан, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында қатты ыстық болжанады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT