Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың тек батысы мен шығысында атмосфералык фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын жауады. Жекелеген аумақтарда жел күшейеді, тұман, көктайғақ болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Батыс Қазақстан, күндіз Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының жекелеген аумақтарында жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Соңғы жаңалықтар