Қазақстанның басым бөлігінде үсік жүреді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 23 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, республиканың солтүстігінде түнде жауын-шашын, тек республиканың батысында және оңтүстіғінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Кей жерлерде найзағай, тұман, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Атырау облысынын кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, күндіз найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарында түнде және таңертен Алматы, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз Павлодар облысында найзағай күтіледі.

Түнде Павлодар облысының кей жерлерінде 1-6 градус, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанда облыстарында 3 градус, Шығыс Қазақстан облысында 2 градус үсік сақталады. Қызылорда, Түркстан, Алматы, Ақтөбе облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар