+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қазақстанның басым бөлігінде сейсенбі күні қар жауып бұрқасын болады

2017 жылғы 7 ақпан 07:33
Бөлісіңіз:
Қазақстанның басым бөлігінде сейсенбі күні қар жауып бұрқасын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні республиканың басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты қар жауып, тұман түсіп, бұрқасындатып, жел күшейеді,-деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі желдің күші секундына15-20 метрге жетеді.

Алматы облысының бірқатар аймақтарында түнде тұман түсіп, күндіз Жалаңашкөл аумағында желдің күші секундына 17-22 метрге жетеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, түнде желдің күші 15-20 метр/секунд болады.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Атырау облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді.

Қостанай облысында бұрқасын болып, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз кей жерлерде 15-20 метр-секунд жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20 метр/секундке жетеді.

Батыс Қазақстан облысында бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 метр/секунд жылдамдықпен соғады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT