Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы, жауын-шашынды ауа райы сақталады, тек батыста, оңтүстік-батыста жауын-шашын болмайды. Кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с болады, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с-дан асады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с-ға жетеді.

Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде күндіз желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді.

Атырау облысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар