+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады

2020 жылғы 25 қазан 00:29
Бөлісіңіз:
Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 25 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Циклон әсерінен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болады.

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді. Солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ақмола облысының басым бөлігінде тұман, көктайғақ, кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Қарағанды,

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Шығыс-Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT