Қазақстанның басым бөлігінде бұршақ пен дауыл күтіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Тек батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, дауыл соғады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін.

Атап айтқанда, Павлодар облысында 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 23-28 м/с  күшейеді. Кей жерлерде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.  

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі.  

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл соғып, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.  

Қостанай облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Алматы, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20 м/с артуы ықтимал.

Күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен көтеріліп, 15-20 м/с екпінмен соғады.

Түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.  

Сондай-ақ Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда, Атырау, Ақтобе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Соңғы жаңалықтар